Финляндия негізгі құрамының екі футболшысы Қазақстанмен кездесуде алаңға шықпайды
Финляндия құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтары алдында Украина мен Қазақстанға қарсы шығынға ұшырады, деп хабарлайды Рrosports.kz Финляндия футбол қауымдастығына сілтеме жасап.
Жартылай қорғаушы Каан Кайринен мен шабуылшы Маркус Форсс 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу матчтарында Украина мен Қазақстанға қарсы ойнамайды. Екі ойыншы да өз клубтарында ойнап жүргенде жарақат алған.
Финляндияның бас жаттықтырушысы Маркку Канерва жарақат алған екі ойыншының орнына Томас Лам (ЦСКА, Болгария) мен Рупе Риски (ХИК, Финляндия) шақырған.
Еске салайық, Қазақстан мен Финляндия құрамалары арасындағы кездесу 12 қазанда Нұр-Сұлтанда өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 20: 00 -де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или