«Астананың» жеті ойыншысы ұлттық құрама матчтарына шақырылды

«Астананың» жеті ойыншысы ұлттық құрама матчтарына шақырылды

«Астана» футбол клубының жеті ойыншысы өз елдерінің ұлттық құрамасына шақырту алды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат және Абат Айымбетов Қазақстан құрамасына Босния және Герцеговина мен Финляндиямен матчқа шақырылды.

Бұлардан бөлек, Тигран Барсегян Армения құрамасына, Жарко Томашевич пен Фатос Бечирай Черногория құрамасына, ал Макс Эбонг Беларусь құрамасына шақырту алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или