Тимощук жараланған украин жауынгерлерінің жағдайын біліп қайтты

Тимощук жараланған украин жауынгерлерінің жағдайын біліп қайтты

Футболдан Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының украиналық жартылай қорғаушысы Анатолий Тимощук емханада ем дом-қабылдап жатқан өз елінің жаралы жауынгерлеріне барып, хал-жағдайларын сұрап қайтты, деп жазады «Алаш айнасы» интернет-порталы Украина басылымдарына сілтеме жасап.

Донбасстағы атыс-шабыстан жарақат алып, бүгінде Украинаның астанасы Киевте емделіп жатқан жауынгерлердің жағдайын Тимощуктан бөлек Руслан Ротань, Артем Федецкий, Андрей Пятов, Евгений Хачериди, Никита Бурда сынды Украина құрамасының футболшылары мен Украина футбол федерациясының президенті Андрей Павелко біліп қайтты.

Кездесуге барған барлық футболшылар жауынгерлермен естелік суретке түсіп, оларға жейде, шарф сынды футболдан Украина құрамасының естлік сыйлықтарын табыстады.

Мұны жай футболшылар мен фанаттардың кездесуі дей салуға болатын еді. Бірақ, Украина мен Ресей арасындағы жағдай бүгінде тұрақсыз болып тұрғанына қарамастан, бұл кездесуге Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының намысын қорғайтын Анатолий Тимощуктің барғанын бүгін ресейлік басылымдар жарыса жазып, отқа май құйып отырғандай болып тұр.

Тимощуктің емханаға баруына байланысты «Зениттің» жанкүйерлері де түрлі пікір айтуды. Бірі, Анатолийді ақтап, оның ісін қолдап жатса, енді бірі жартылай қорғаушыны даттап, жерден алып, жерге салып жатыр.

Ал, футболшының өзі емхағана жауынгерлерге рух беру үшін айтты. «Бұлардың бәрі – біздің батырлар. Сондықтан да біз өз тарапымыздан жауынгерлерге қолдан келгенімізше көмектесу керекпіз. Сол үшін де біз мұнда келіп, солдаттардың рухын көтеруге тырыстық. Мен Добасста тоғыз жыл футбол ойнап, тоғыз жыл сонда тұрдым. Ол жақте менің таныстарым көп. Олардың барлығы қазір қиын жайғайда. Бірақ, біз елімізде тезірек бейбітшілік орнайды деген сенімдеміз», - дейді «Зениттің» жартылай қорғаушысы.

«Алаш айнасы» интернет-порталы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или