Спаллетти Ресейге оралуы мүмкін

«Зениттің» бұрынғы бапкері Лучано Спаллетти мәскеулік «Динамоның» тізгінін ұстауы мүмкін, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Егер «Динамо» Чемпиондар лигасына өтпей жатса, қазіргі бапкері Станислав Черчесов орнынан кетеді. Itasportpress басылымының мәлімдеуінше, италиялық маман маусым аяқталған соң Черчесовтың орнына мәскеулік команданы жаттықтыруы мүмкін.

Бұған дейін Спаллеттиге «Наполи», «Рома» және «Милан» қызығып жатқаны хабарланған болатын.

Ал «Динамо» бүгінде Ресей чемпионатының 5-ші сатысында келе жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или