«Ордабасының» екі ойыншысы Қазақстан құрамасына шақырту алды
«Ордабасының» екі ойыншысы Қазақстан құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Шымкенттік футболдың тәрбиеленушілері, шымкенттік «Ордабасының» футболшылары қорғаушы Сағадат Тұрсынбай мен жартылай қорғаушы Сұлтанбек Астанов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтың шешімімен Әлем Чемпионаты 2022 іріктеу кезеңі аясында өтетін қазан айындағы Финляндия мен Босния және Герцеговина құрамаларына қарсы матчтарда ойнау үшін ел командасының құрамына ілікті.
Сонымен қатар, кеңейтілген құрамда «Ордабасының» тағы бір өкілі - қақпашы Бекхан Шайзада бар.

Еске салайық, ойындар Нұр-Сұлтанда, «Астана Арена» стадионында 9 және 12 қазан аралығында өтеді», - делінген хабарламада.