«Қайрат» Конференция лигасында «Базельден» төрт гол жіберді
Алматылық «Қайрат» Конференция лигасы топтық кезеңінде алғашқы жеңілісіне ұшырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан чемпионы 2-турда швейцариялық «Базельге» қонаққа барған. Алаң иелері істі бірден қолына алып, үзіліске дейін үш гол тоғытты. 15-минутта Артур есеп ашса, 21 және 40-минутта Майкл Ланг дубль авторы атанды.
Ал екінші таймның басында Дэн Ндойе есепті 4:0 қылды.
Бірақ алматылықтар матчтан голсыз кетпеді. 66-минутта Канте есеп айырмасын қысқартса, екі минуттан соң Рикарду Алвеш пенальтиден гол соқты. Қорытынды есеп - 4:2, «Базель» турнир кестесінде көш басына шықты.
«Қайрат» әзірше бір ұпаймен 3-орында тұр.
Алматылық команда Конференция лигасындағы келесі матчын 21 қазанда өткізеді. «Қайрат» Әзербайжанның «Карабах» клубына қонаққа барады.
<h4>«Астана» мен «Қайрат» ойыншылары еуропалық құрамаға шақырту алды</h4> <h4>«Қайраттың» Швейцариядағы жаттығуынан фоторепортаж</h4> <h4>«Қайрат» (U-19) УЕФА жастар Чемпиондар лигасында алғашқы ойынын тең ойнады</h4>