Азат Нұрғалиев: «Барша жанкүйерлерді қолдауға шақырамын»

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев Исландиямен өтетін матч алдында дайындық барысы жөнінде әңгімелеп берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Ойын алдындағы көңіл-күй қалай?

- Көңіл-күй, дайындық жақсы. Ойын сенбі күні «Астана-Арена» стадионында өтеді. Жеңіске жетеміз деп ойлаймын.

- Исландия футболшыларына қарсы қандай тактикалық дайындықтар жүргіздіңдер?

- Гудьонсон, Сигурдссон жекелей мықты деп айта алмаймын. Олар командалық ойынымен мықты. Бізде де шебер футболшылар бар. Бауыржан Исламхан, Самат Смақов. Өз алаңымызда ойнағандықтан, жеңіске жетуге тырысамыз.

- Исландияны топтық кезеңде бірден тоғыз ұпай жинайды деп ешкім күткен жоқ. Олармен есептесуге бола ма?

- Оларда үш-төрт жыл бұрын мықты құрама болмады. Қазір жақсы ойнап жүр. Өз алаңында Түркия мен Голландияны ұтты, сырт алаңда Латвияны жеңді. Сенбі күні өтетін ойынға барлық жанкүйерлерді шақырамын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или