«Тобыл» сырт алаңда «Атырауды» жеңді
Футболдан Қазақстан чемпионатының 22-туры аясында «Атырау» мен «Тобыл» кездесті, деп жазады Prosports.kz.
Атырауда өткен кездесуде 0:1 есебімен қостанайлық команда жеңіске жетті. Ойын тағдырын бірінші таймда қорғаушы Алекса Аманович соққан жалғыз гол шешті.
Чемпионат аяқталуға 3 тур ғана қалды. «Тобыл» (49 ұпай) көш басындағы «Астанадан» (50 ұпай) 1 ұпай ғана артта келеді.
ҚПЛ. 22-тур.
«Атырау» - «Тобыл» - 0:1
Гол соққан: Аманович 18
«Атырау»: Логиновский (Қ), Гжельчак, Бруно, Стойкович, Брайан, Мартинс, Удо, Дашян, Гузь (К), Қайыркенов.
«Тобыл»: Мокин (Қ), Аманович, Брижиду, Сергеев, Манзорро, Каиров, Марочкин, Малый, Жарынбетов, А. Нұрғалиев (К), Асранкулов.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или