Қазақстан жастар құрамасы Финляндиядан ірі есеппен жеңілді

Қазақстан жастар құрамасы финляндиялық құрдастарына қарсы жолдастық кездесуде 0:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Ойын Хельсинки қаласында өтті. Кездесудің есебін 27-ші минутта Роберт Тэйлор ашты. Үзілістен кейін 55-ші минутта Вахид Хамбо есепті еселесе. Матчтың аяқталуына он минут қалғанда Фредрик Лассас ойынның нүктесін қойды.

Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы сапында Германиядан шақырылған футболшылар дебюттік матчтарын өткізді. «Санкт-Паули» футбол клубының қорғаушысы Андрей Старцев пен «Саарбрюкеннен» келген қорғаушы Иван Саханенко негізгі құрамда шықты. Ал Роберт Бергер үзілістен кейін ойынға қосылды.

Құрамамыз келесі матчын 30 наурызда Таллинде Эстонияға қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или