Озилдің арманы - «Алтын доп»

Лондондық «Арсеналдың» жартылай қорғаушысы Месут Озил «Алтын допты» жеңіп алуды армандайтынын айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

– Егер табысты өнер көрсетіп, денсаулығым жақсы болса, алдағы бірнеше жылдың ішінде «Алтын допты» жеңіп алғым келеді, - дейді Озил. – Мұның шындыққа айналуы әбден мүмкін. Мен әлем чемпионымын, Англия чемпионатында топ-клубта ойнаймын. Мұнда Испания мен Германияға қарағанда, физикалық сынақтар өте көп. Матч сайын бір жерім көгеріп қалады, бірақ бұл мені тек мықтырақ қылады. Бұрынғыға қарағанда физикалық тұрғыда мықты болдым.

Естеріңізге сала кетсек, 26 жастағы футболшы былтыр Германия құрамасымен әлем чемпионатында топ жарып, «Арсеналмен» бірге Англия кубогын жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или