«МЮ» мен «Манчестер Сити» Бэйлды сатып алуға дайын

«МЮ» мен «Манчестер Сити» Бэйлды сатып алуға дайын

Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Гарет Бэйл жаз айында Манчестерге қоныс аударуы мүмкін. Қаланың екі үздік командасы – «Юнайтед» пен «Сити» футболшыны сатып алуға дайын. Бұл туралы «Спорт-Экспресс» хабарлады.

«Қызыл сойқандар» Бэйлды сатып алу үшін 115 миллион еуро төлеуге әзір. Естеріңізде болса, «Реал» командасы Бэйлды лондондық «Тоттенхэмнен» 100 миллион еуроға сатып алған болатын. Демек, манчестерлік команда сатып алған бағаға 15 миллион еуро үстеп отыр. Дәл қазір бұл баға футбол тарихындағы ең қымбат трансфер саналады.

Бэйл өткен маусымда «Реал» сапында 25 ойын өткізіп, 12 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген болатын.

Сондай-ақ, жаз айында ағылшын біріншілігінде тағы бір айтулы трансфер орын алуы мүмкін. «Ливерпуль» және «Челси» командалары «Монако» командасының шабуылшысы, бүгінде «Манчестер Юнайтедке» жалға берілген Радомеля Фалькаоны сатып алмақ ниетте.

Massaget.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или