«Тұран» бас бапкері қызметінен кетті

«Тұран» бас бапкері қызметінен кетті

«Тұран» бас бапкері Әбдіхалық Бөрібаевтың денсаулығына байланысты берген жұмыстан кету туралы арызы қанағаттандырылды, деп хабарлайды Prosports.kz клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

<span>Бөрібаев команданың тізгінін үш маусым бойы ұстады. Оның қол астында команда Екінші лигадан Біріншіге, артынша Қазақстан чемпионатына жолдама алды.</span>

<span>Сондай-ақ командадан Кулдош Ешжанов пен Фархадбек Ирисметов өз еркімен кетті.</span>

<span>Премьер-лигада «Тұран» маусымға қойылған мақсатты орындауға жақын: маусым соңына дейін қалған 5 турда түркістандық команда 12-орында тұр. «Қайсар» командасынан 5 ұпай алда келеді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или