Андрей Тихонов «Астана» футбол орталығының жаттықтырушылар құрамымен кездесті
Бүгін негізгі команданың бас жаттықтырушысы Андрей Тихонов пен оның көмекшісі Владимир Ежуров орталықтың жаттықтырушыларымен кездесу өткізді.
Оның басты мақсаты - негізгі команданың ішіндегі жұмыстың философиясы туралы айтып беру және әріптестерімен тәжірибе алмасу болды. <br /><br />«Астана» футбол клубы бір жүйеде жұмыс істеу үшін негізгі команда, жастар құрамы мен футбол орталығының командалары арасындағы сабақтастықты қалыптастыру міндетін қойып отыр.<br /><br />Іс-шара көңілді өтті, онда интерактив өткізіліп, футболшылардың жаттығу процесіндегі маңызды сұрақтарға жауап берілді. Екі тарап та мұндай кездесулердің алдағы уақытта тұрақты болатынын жоспарлап отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или