Ренат Абдулин: «Исландияға қарсы ойында бар күшімізді саламыз»

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Ренат Абдулин Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Исландияға қарсы ойын туралы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Исландия құрамасы өте мықты ұжым. Кәзірдің өзінде олардың еншісінде тоғыз ұпай бар, - деп бастады Абдулин ҚФФ-ның баспасөз-қызметіне берген сұхбатында. – Бірақ біздің команда осал ұжым емес. Бәлкім, шеберлік тұрғыдан Еуропаның жетекші құрамаларынан әлсіздеу болсақ та жанкүйерлер мен жігердің арқасында жеңіске жете аламыз.

Барша қазақстандықтарды Қазақстан мен Исландия арасындағы кездесуге шақырамын. Әр футболшы үшін жанкүйерлердің қолдауы ауадай қажет. Исландияға қарсы ойында бар күшімізді саламыз, - деді 32-жастағы футболшы.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан – Исландия матчы наурыздың 28-і «Астана Аренада», сағат 21:00-де басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или