Трансфері «Ақтөбе» клубында сәтсіз болған ойыншы футболдағы мансабын аяқтады

Трансфері «Ақтөбе» клубында сәтсіз болған ойыншы футболдағы мансабын аяқтады

Украиналық шабуылшы Артем Милевский ойыншылық мансабын тоқтатуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Украина ұлттық құрамасының экс-шабуылшысы өзінің Youtube арнасында хабарлады.

«Үлкен футболмен қоштасатын уақыт келді. Менде ұсыныстар болды. Бірақ мен өзіме осы да жеткілікті деп айттым», - деді футболшы.

36 жастағы Милевский мансабында Киевтің «Динамо», «Газиантепспор», «Хаддук», «Сплит», «Тосно», «Конкордия, «Динамо Брест», венгриялық «Кишворда» және «Минай» клубтарында ойнады. Милевский Украина құрама командасында 50 ойын өткізіп, 8 гол соқты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или