Юнузович: «Әр матчта гол соғуға тырысамын»

Жақында ғана «Қайсарға» ауысқан Эдин Юнузович алғашқы матчында-ақ «Шахтердің» қақпасына жеңісті голды соқты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

– Гол соққаныма өте қуаныштымын. Әр ойында гол соғуға тырысамын. «Қайсар» сапына бекер ауыспағанымды дәлелдегім келеді. «Шахтерді» қалай ұттық дейсіз бе? Біз Дмитрий Алексеевич Огайдың нұсқауын толығымен орындадық. Өз мүмкіндіктерімізді жүзеге асыра алдық. «Қайсардың» биылғы маусымға қойған мақсаты - үздік алтылыққа ену. Командамызда мықты ойыншылар жеткілікті. Сондықтан жоғары нәтиже көрсету үшін бар күшімізді саламыз, - деді Эдин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или