Масудов «Жұлдыздар матчына» қатысады

«Қайрат» футбол клубының ардагері Вахид Масудов КСРО құрамына шақыртылды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Алматылық «Қайраттың» аты аңызға айналған жартылай қорғаушысы Вахид Масудов әлем жұлдыздарына қарсы болатын матчқа КСРО құрамына шақыртылды. Бұл жайында «Қайрат» футбол клубының арнайы сайты ақпарат таратты. Матч армян футболының аңызына айналған Хорен Оганесянның 60 жылдығына арналады.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың күзінде Масудов «Қайрат аңыздары» құрамында «Әлем жұлдыздарына» қарсы алаңға шықты. Сол ойында алматылықтар 1:5 есебімен қарсыластарына жол берді. «Қайрат» сапынан жалғыз голды Игорь Авдеев салған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или