ҚПЛ 20-туры матчтарының тікелей трансляциясы

ҚПЛ 20-туры матчтарының тікелей трансляциясы

12 қыркүйекте Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент пен Қостанайда футболдан Қазақстан чемпионатының 20-турындағы қалған төрт матч өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елорда уақытымен 17:00-де Қарағандыда жергілікті «Шахтер» мен талдықорғандық «Жетісу» кездеседі. «Кеншілер» турнир кестесінде 11-орында келеді. Ал талдықорғандық клуб соңғы, 14-орында тұр.

18:00-де «Ақтөбе» мен «Тараз» матчы басталады. Екі команда да 23 ұпайдан еншіледі. Қосымша көрсеткіштердің арқасында «Тараз» 9, «ақ-қызылдар» 10-орында тұр.

Ал 19.00-де Шымкентте «Ордабасы» алматылық «Қайратты» қабылдайды. Алматылық клуб 3-орында келеді. Ал шымкенттіктер қаржылық қиындықтарына қарамастан, ТОП-6 тізіміне кіреді. 

Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де қостанайлық «Тобыл» ақтаулық «Каспиймен» кездеседі. Қостанайлықтар жеңіске жетсе, көш басына қайта шығады. Ал ақтаулық клуб 8-орында тұр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или