«Айлықты күтіп отырмыз». Андрей Тихонов – «Астанадағы» жағдай туралы айтты

«Айлықты күтіп отырмыз». Андрей Тихонов – «Астанадағы» жағдай туралы айтты

«Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов Prosports.kz сайтына берген сұхбатында команданың жағдайы жайлы айтып берді.

- Команданың бір бөлігі демалысқа кетті. Оның ішінде Энео Битри мен Марин Томасов ауырып қалдық. Тони Рукавина мен Педро Эуженио жеңіліп ауырып шықты. Қазір екеуі жаттығуға оралды. 

- Футболшыларыңыздың аптасына үш матч өткізуіне қалай қарайсыз?

- Әрине, командада 11 футболшың ұлттық құрамада ойнауы әрбір жаттықтырушы үшін қиын. Бір апта бойы бес ойыншымен ғана дайындалдық. Мұны маусымның қорытынды бөлігіне толыққанды дайындық деп айта аласыз ба?

- Әлем чемпионатының іріктеу матчтарын көрдіңіз бе?

- Иә, көрдім. Қазақстан құрамасы үшін жанкүйер болдым. Исламбек Қуат өзін жақсы жағынан көрсетті. Абат Айымбетов екі матчта жақсы ойнағанымен, иығын жарақаттап алды. 

- ФИФА «Астанаға» трансфер жасауға тыйым салды. Егер клуб қарызын жабуға тырыспаса еурокубоктан да шеттетілуі мүмкін. Бұл жағдай командаға қалай әсер етеді?

- Әрине, әсер етеді. Жігіттердің келісімшарты бар. Кері әсері бар. «Астана» ұзақ уақыт бойы Қазақстанның көшбасшы командасы болды. Қазір де көш басында жүр. Бірақ команда неге өткен іске жауап беруі керек. Өйткені ол кезден клубта ешкім қалмады. Ал біз болсақ ештеңе істей алмаймыз. 

- Жаңа басшылық келген соң клубтағы қаржылық жағдай тұрақталды ма?

- Әзірге ештеңе білмеймін. Алғашқы кездесуде басшылық айлық беретін ақша бар деді. Тамыз айының жалақысын күтіп отырмыз. Бұған қоса, өткен жылғы және биылғы сыйақылар да төленеді деп сенемін.

Фото: «Астана», ҚФФ

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или