Неміс футболшысы Қазақстан құрамасында ойнау үшін миллион доллар сұрағанын жоққа шығарды
Қазақстан құрамасына потенциалды үміткер футболшы Роберт Бауэр БАҚ-та шыққан ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кеше, 6 қыркүйек күні Роберт Бауэр Қазақстан құрамасында ойнауына өз келісімін беру үшін ҚФФ-дан 1 миллион доллар сұрады деген ақпарат meta-ratings.kz сайтында шыққан еді.
«Мен Қазақстан құрамасында ойнау үшін миллион сұрадым деген әңгіме - өтірік. Бірнеше күннен кейін біз бұл туралы неғұрлым мазмұнды сөйлесе аламыз және оны жариялауға рұқсат етеміз», - деді Бауэр Prosports.kz тілшісі Владимир Жарковқа берген сұхбатында.
26 жастағы жартылай қорғаушы өзінің мансабы кезінде Бундеслиганың <span>«Ингольштадт», «Вердер» және «Нюрнберг»</span> сияқты әйгілі клубтарында ойнады. Роберт соңғы екі маусымды тулалық <span>«Арсеналда»</span> өткізді.