Әлем чемпионаты-2022: Қазақстан Финляндияға есе жіберді

Әлем чемпионаты-2022: Қазақстан Финляндияға есе жіберді

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан мен Финляндия кездесті.

Матч тағдырын жалғыз гол шешті. 60-ші минутта Финляндия құрамасы ойыншысы Похъянпало көзге түсіп, есепті ашты. Қазақстан құрамасы таразы басын теңестіре алмады.

Қазақстан құрамасы іріктеу сатысында D тобында сынға түседі. Қарсыластары - Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия. Сондай-ақ, бүгін аталған топта Украина мен Франция құрамасы шеберлік байқасады. Енді Қазақстан құрамасы 7 қыркүйекте сырт алаңда Босния және Герцоговинамен кездеседі.

Әлем чемпионаты-2022. Іріктеу кезеңі. D. тобы 5 тур.

Финляндия – Қазақстан – 1:0 (0:0)

Гол: Похъянпало 60 (1:0)

Төреші: Иванов (Ресей)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или