Луис Энрике: «Месси – футбол тарихындағы ең үздік ойыншы»

«Барселонаның» бас бапкері Луис Энрике «Манчестер Ситимен» өткен матчтан кейін Лионель Мессиді ерекше атап өтті, деп хабарлайды «PROCПОРТ».

«Лионель Мессидің қандай керемет ойыншы екенін бүкіл әлем біледі. Менің ойымша, ол футбол тарихындағы ең үздік футболшы. «Манчестер Ситиге» гол соқпаса да, жеңіске өз үлесін қосты. Командамызда Месси сияқты ойыншының болуы мен үшін үлкен қуаныш», - деді каталондық клубтың бас бапкері.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Барселона» өз алаңында «Манчестер Ситиді» ұтып, жарыстың ширек финалына жолдама алды.

goal.com сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или