«Астана» клубтың қаржылық жағдайы жайлы мәлімдеме жасады
«Астана» футбол командасы кейбір БАҚ-та жарияланған клубтың қаржылық қиындығы жайлы мәселеге ресми мәлімдеме жасады.
- «Астана» футбол клубының басшылығы «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қорымен» бірлесіп қазіргі уақытта қаржылық берешектерді жою бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

Клуб осы мәселені шешуге ниетті, оның мәртебесі бүгінгі таңда ең басым мәселелердің бірі болып табылады. «Астана» ФК қажетті қаражат клубқа уақытылы түсетінін және басшылық жағдайдың қаржылық мониторингін жүргізетінін мәлімдейді.

Команда ішкі чемпионатта және халықаралық аренада өз өнерлерін жалғастырады. Баспасөз қызметі клубтың ресми сайтындағы әрі қарайғы ақпаратты қадағалауды сұрайды, - делінген мәлімдемеде.