«Оқжетпес» - «Қайрат Жастар» матчының өтетін уақыты өзгерді
Бірінші лиганың 18-туры аясындағы «Оқжетпес» - «Қайрат Жастар» матчының өтетін уақыты өзгерді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы «Қайрат» ФК жастар командасының УЕФА жасөспірімдер лигасына қатысуына байланысты алматылық клубтың өтінішін қабылдап, «Оқжетпес» футбол клубының келісімімен Бірінші лига клубтары арасындағы Біріншіліктің XVIII турындағы «Оқжетпес» - «Қайрат-Жастар» ойынын 2021 жылдың 27 қыркүйегінен 15 қыркүйекке ауыстыру туралы шешім қабылдады», - деп жазды ҚКФЛ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или