Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан - Украина матчының тікелей трансляциясы
1 қыркүйекте Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Украина құрамасын қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан - Украина матчының тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Украина арасындағы бірінші матч наурызда Киевте өтіп, тең аяқталды - 1:1. Сол кездесуде, 20-минутта Роман Яремчук украиналықтарды есепте алға шығарды, бірақ 59-шы минутта Серікжан Мужиков жауапты голды соқты.
D тобындағы командалардың қазіргі жағдайы келесідей: Франция - 7 ұпай (3 матч), Украина - 3 (3), Финляндия - 2 (2), Босния және Герцеговина - 1 (2), Қазақстан - 1 (2).
Маусым айында Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониямен жолдастық кездесу өткізіп, 0:4 есебімен жеңіліс тапты.