Украина құрамасының бас бапкері: Қазақстанмен сәтсіз ойнасақ, әлем чемпионаты жайлы ұмытуымыз керек
Украина құрамасының бас бапкері Александр Петраков 2022 жылғы әлем чемпионатының Қазақстанмен іріктеу матчы алдындағы баспасөз мәслихатында команданың мүмкіндігі мен құрам жайлы айтты.
- Украина Катардағы әлем чемпионатына жолдама алғысы келеді. Бұл ойын маңызды, егер біз мұнда сәтсіз өнер көрсетсек, әлем чемпионатына бару мүмкіндігінен айырыламыз.
Бірінші матч? Мужиктовтың ойыны ұнады. Сосын Қазақстан сапында қашан да мықты қақпашылар болған.
Яремчук бізбен бірге жаттығатын болады. Вакцинациядан кейін аздап ыңғайсыздық пайда болды.
Харатин кеше таңғы бесте келіп, «Ференцвароштың» басшылығы оны «Легияға» сататынын айтты. Оны жіберуден басқа амалымыз қалмады. Медициналық тексерістен өтеді. 2 қыркүйекте құрамға келеді, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтандағы Prosports.kz меншікті тілшісі Мағжан Мырзағали.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Украина арасындағы матч ертең, 1 қыркүйекте, «Астана Аренада» елорда уақытымен 20:00-де басталады. Бірінші ойында қазақстандықтар Киевте тең ойнады (1:1).