Еркін күрес

Еркін күрес шеберлері әлем чемпионатына дайындалып жатыр

Еркін күрес шеберлері әлем чемпионатына дайындалып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрама командасы әлем чемпионатына дайындықты бастады.

Қазақстандық еркін күрес шеберлері Алматы облысында кезекті оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Жаңашар кентінде орналасқан "Олимпиада даярлау орталығында" өтіп жатқан жаттығу жиыны әлем чемпионаты алдындағы бірінші дайындық кезеңі болып табылады.

Отандық балуандар аталған жиында 10 қыркүйекке дейін шеберліктерін шыңдайды. Оқу-жаттығу жиындарына ұлттық құрама сапынан 28 балуан қатысуда.

Айта кетерлігі, күрес түрлерінен 2021 жылғы әлем чемпионаты 2-10 қазан күндері Норвегияның Осло қаласында өтеді. Оған Қазақстан сапынан 10 балуан қатысады.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер