Күрес

Айдос Сұлтанғали: Ресейдегі балуандар шоуына қатысып, Каралиннен сыйлық алдым

Айдос Сұлтанғали: Ресейдегі балуандар шоуына қатысып, Каралиннен сыйлық алдым
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі, Азия чемпионы Айдос Сұлтанғали Ресейде өткен балуандар бәсекесіне қатысты деп хабарлайды Olympic.kz.

Айта кетелік, Иван Поддубныйдың 150 жылдығына арналған сайыста Ресей және әлем құрамасы кездесті. Әлем құрамасы сапында қазақстандық Айдос Сұлтанғали де болды.

"Аталған бәсеке шоуға көбірек келеді. Бірақ маған өту форматы да, ұйымдастырылуы да қатты ұнады. Біздің елде де осындай жарыстар жиі өтіп тұрса деген тілегім бар. Маған бұл бәсекеге қатысу туралы ұсынысты өзбекстандық балуан Рустам Ассакалов айтты. Жол шығыны мен жатын орынды өздері төлейді екен. Маған тек күресу ғана қалды.

63 келі салмақта белдестім. Негізі, өз салмағынан артық екенін білесіздер. Олимпиада ойындарының қатысушысы Степан Марянянмен белдесіп, 3:6 есебімен жеңіліп қалдым. Десе де, бұл үлкен тәжірибе болды мен үшін. Жарыс соңында даңқты Александр Карелин сый-сияпат жасады", - дейді Айдос.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер