«Қайрат» пен «Шахтердің» Конференция лигасындағы матчтарының тікелей трансляциясы

«Қайрат» пен «Шахтердің» Конференция лигасындағы матчтарының тікелей трансляциясы

Бүгін «Шахтер» мен «Қайрат» Конференция лигасының плэй-офф кезеңі аясында қарымта матчтарын өткізеді, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.

Алматылық «Қайрат» люксембургтік «Фоланы» қабылдайды. Бірінші матчта қазақстандық клуб 4:1 есебімен сенімді жеңген. Егер «Қайрат» бүгін «Фоладан» ірі есеппен жеңілмесе, Конференция лигасының топтық кезеңіне шығады.

«Қайрат» - «Фола» матчы елорда уақытымен 20:00-де басталады. Ойынды тікелей эфирде алматылық клубтың ресми YouTube-каналы көрсетеді.

Ал Нұр-Сұлтан уақытымен 23:30-да Тель-Авивте «Маккаби» - «Шахтер» матчы басталады.  Бұл командалардың алғашқы матчында «Шахтер» 1:2 есебімен жеңіліп қалған болатын. Қарымта ойынның тікелей трансляциясын QazSport телеарнасы көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или