Конференция лигасы: «Қайрат» - «Фола» және «Шахтер» - «Маккаби» қарымта кездесуінің төрешілері белгілі болды
Конференция лигасы плей -офф кезеңінде «Қайрат» пен «Шахтердің» қарымта кездесуінде қызмет ететін төрешілер анықталды, - деп хабарлайды Рrosports.kz.
«Қайрат» - «Фола» матчы 26 тамызда Алматыда өтеді. Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де. Бас төреші Франц Йович, оның көмекшілері - Хрвое Радич пен Лука Пушич болады. Олардың барлығы Хорватиядан. Люксембургте өткен бірінші ойын 4: 1 есебімен алматылық клубтың пайдасына аяқталды.
«Маккаби» мен «Шахтер» арасындағы ойын 26 тамызда Израильде өтеді. Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 23:30-да. Ойынды Черногориялық Никола Дабанович, оның көмекшілері Милован Джукич пен Владан Тодорович <span>жүргізеді</span>. «Астана Арена» стадионында өткен бірінші ойын 2: 1 есебімен Израиль клубының пайдасына аяқталды.
Жеңімпаздар Конференция Лигасының тобына өтеді.