«Қайрат» еурокубоктың топтық кезеңіне жақындады
«Қайрат» Конференция Лигасы плей-офф кезеңінің бірінші матчында Люксембургтің «Фоласын» ірі есеппен (4:1) ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алаң қожайындары 19-минутта айып соққысын сәтті орындап, есеп ашты. Алайда, люксембуртік команданың қуанышы ұзаққа созылмады. Тоғыз минуттан кейін Артур Шушеначев таразын басын теңестірсе, 37-минутта Вагнер Лав «Қайратты» есепте алға шығарды. Бірінші тайм аяқталар тұста Рикарду Алвеш есепті еселей түсті.
Қазақстан чемпиондары екінші таймнан кейін де қауіпті шабуылдар сериясы жалғастырды. Бірде қарсылас қорғаушылары қақпаны голдан аман сақтаса, бірде «Қайрат» футболшылары ұрымтал сәттен мүлт кетіп жатты. Алайда, Вагнер 70-минутта пенальтиде қақпашыдан айла асырып, өз командасының төртінші голын соқты.
Қарымта кездесу бір аптадан кейін Алматыда өтеді.
Конференция лигасы – 2021/22. Плей-офф. Бірінші матч.
«Фола» – «Қайрат» 1:4 (1:3)
Гол соққандар: Мустафич 19 – Шушеначев 28, Вагнер 37, пен. 70, Алвеш 43.
«Фола»: Э. Кабрал (Қ), Уассьеро, Клейн (К), Грисе, Пиментел, Мустафич (Н. Драгович 86), Фрере (Дикаба 86), Лук. Коррея (Омосанья 73), Карон (Б. Мендеш 63), Паррейра (Бутриф 63).
«Қайрат»: Покатилов (Қ, К), Вороговский, Дугалич, Баньяк, Миканович, Алвеш (Кейлер 75), Буранчиев (Алықұлов 84), Оганесян, Шушеначев (Усенов 90), Вагнер, Канте.
19 тамыз. Люксембург. «Жози Бартель» стадионы.