Александр Меркель «Газиантепке» ресми түрде ауысты
Түркияның «Газиантеп» клубы Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Александр Меркельмен келісімшарт жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Александр Меркельді ресми түрде біздің клубқа қосылғанын хабарлаймыз. Келісімшарт 3 жылға (2+1) жасалды, - деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Меркельдің бұрынғы клубы Сауд Арабиясының «Аль-Фейсали» онымен келісімшартты біржақты бұзды, Александр еркін агент мәртебесін алды.
29 жастағы футболшы ұлттық құрамада үш матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.
Осы жылдар ішінде ол «Милан», «Удинезе», «Дженоа» және басқа да бірқатар еуропалық клубтарда ойнады.
Transfermarkt порталы Александр Меркельді 2 миллион еуроға бағалаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или