«Қайраттың» бұрынғы шабуылшысы алматылық клубтың «Фоланы» жеңетінін айтты

«Қайраттың» бұрынғы шабуылшысы алматылық клубтың «Фоланы» жеңетінін айтты

«Қайрат» футбол клубының бұрынғы шабуылшысы Чума Анене «Фола» – «Қайрат» матчына болжам жасады, деп жазады Prosports.kz.

Оның ойынша, алматылық команданың келесі кезеңге өтуге мүмкіндігі мол. Бірақ ойын оңай болмайды.

«Мен «Фола» жайлы мүлде білмеймін, сондықтан оның ойыны туралы нақты пікір айта алмаймын. Меніңше, бұл жұптың фавориті - «Қайрат». Бірақ қазақстандық команда қарсыласын бағалап, сақ болуы керек.

«Қайраттың» Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде армениялық «Алашкертке» жол бергеніне қатты таңғалдым, өйткені олар қағаз жүзінде фаворит еді.

Әрине, «Қайрат» келесі кезеңге өту үшін Люксембургте қолайлы нәтижеге қол жеткізуге тырысатыны сөзсіз. Еурокубоктық додада ешқашан оңай ойын болмайды.

Бірақ «Қайраттың» қарсыласынан сәл басымдылығы бар деп есептеймін. Менің ойымша, «Қайрат» сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіске жетеді», - деді норвегиялық футболшы.

Айта кетейік, «Қайрат» Конференция лигасы іріктеу кезеңінің плэй-офф сатысында Люксембургтің «Фола» командасымен кездеседі.

«Фола» - «Қайрат» матчы 19 тамызда Люксембургте өтеді. Ойын Алматы уақытымен 23:30-да басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или