Меркель «Газиантеппен» әлі келісімшартқа отырған жоқ
Бірқатар БАҚ-тың мәлімдегеніне қарамастан, қазақстандық жартылай қорғаушы Александр Меркель әлі күнге дейін Түркия Суперлигасының «Газиантеп» клубымен ешқандай келісімшартқа отырған жоқ, - деп хабарлайды Рrosports.kz.
Александр шынымен де түрік клубтарымен, соның ішінде «Газиантеппен» келіссөз жүргізуде. Алайда, ол әлі ешқандай келісімшартқа, тіпті алдын ала келісімшартқа отырған жоқ. Меркель түрік клубтарының бірінде немесе еуропалық клубтарда да ойнауы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, Меркельдің бұрынғы клубы Сауд Арабиясының «Аль-Фейсали» онымен келісімшартты біржақты бұзды, Александр еркін агент мәртебесін алды.
29 жастағы футболшы ұлттық құрамада үш матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.
Осы жылдар ішінде ол «Милан», «Удинезе», «Дженоа» және басқа да бірқатар еуропалық клубтарда ойнады.
Transfermarkt порталы Александр Меркельді 2 миллион еуроға бағалап отыр.