Қазақстан кубогы ширек финалдағы ойындардың күні анықталды
Кубоктың топтық кезеңі мен ширек финалға арналған жеребе нәтижелеріне сәйкес қатысушылардың жұбы анықталды. Енді жеребеге сәйкес «Астана» – «Каспий», «Қайрат» - «Қайсар», «Тараз» - «Шахтер», «Қызыл-Жар» - «Тобыл» ойнайды. Бұл туралы ПФЛК сайтына сілтеме жасаған Prosports.kz хабарлайды.
Қазақстан кубогының регламентіне сәйкес ширек финал кезеңі 2 матчтан тұрады. Бастапқы кездесулер жұппен бірінші көрсетілген клубтың стадионында, қарымта кездесу екінші командаың алаңында өтеді.
Сонымен қатар, «Қайрат» және «Шахтер» футбол клубының УЕФА Конференция Лигасының плей-офф кезеңіне қатысуына байланысты «Қайрат» - «Қайсар» және «Тараз – Шахтер» жұбының алғашқы кездесулері 2021 жылдың 22 қыркүйегінде өтеді, қарымта матч 27 қазанда өтеді.
Қиын күнтізбелік жағдайды ескере отырып, 2021 жылдың қыркүйек айынан қараша айына дейін Қазақстанның ұлттық және жасөспірімдер құрамаларының халықаралық матчтарының көп болуына байланысты ПФЛК әкімшілігі жартылай финал мен Кубоктың финалын 2021 жылдың желтоқсанына қалдырады
Осылайша, Кубоктың кестесі төмендегідей:
21 тамыз: «Қызылжар» - «Тобыл», «Астана» - «Каспий» - алғашқы кездесулер;
22 қыркүйек: «Тобыл» - «Қызылжар», «Каспий» - «Астана» - қарымта матчтар, «Қайрат» - «Қайсар», «Тараз – Шахтер» - алғашқы кездесулер;
27 қазан (өзгерістер болуы мүмкін): «Қайсар» - «Қайрат», «Шахтер» - «Тараз» - қарымта матчтар.