«Астана» ұпай жоғалтар емес

Футболдан Қазақстан біріншілігінің үшінші турында ел чемпионы «Астана» қарағандылық «Шахтерден» басым түсті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Чемпиондар үш ойыннан соң әлі де ұпай жоғалтар емес. «Кеншілерге» қарсы кездесуде Неманья Максимович есеп ашып, алаң иелерін алға шығарған. Дегенмен үзіліске кетер тұста Михрет Топчагич таразы басын теңестіріп тастады. 77-ші минутта колумбиялық Рохер Каньяс елордалықтардың екінші голын салып, өз командасына жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп – 2:1.

«Астана» - «Шахтер» 2:1 (1:1)

Голдар: 1:0 – Максимович 31, 1:1 – Топчагич 44, 2:1 – Каньяс 77

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или