«Тобыл» тағы да ұпай жоғалтты

Футболдан ел чемпионатының үшінші турында көкшетаулық «Оқжетпес» қостанайлық «Тобылға» қонаққа барды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Біріншілікті сәтсіз бастаған «Тобыл» әлі де болса жеңіске жете алар емес. Ал Владимир Мұханов шәкірттері қарсыласының қақпасына жауапсыз екі гол соғып, жеңіске жетті. Алдымен 62-ші минутта Павлов көзге түссе, 89-шы минутта Волков кездесудің нүктесін қойды.

Үш турдан соң әлі де гол соға алмаған «Тобылдың» еншісінде бір ғана ұпай бар, ал «Оқжетпес» алты ұпаймен көшбасшылардың бірі болып келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или