Украина құрамасы Қазақстанға келетін ойыншылар тізімін жариялады

Украина құрамасы Қазақстанға келетін ойыншылар тізімін жариялады

Украина футбол қауымдастығы 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарына қатысатын құрамын жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Украина құрамасы 1 қыркүйекте «Астана-Аренада» Қазақстанмен, ал 4 қыркүйекте өз алаңында Франциямен кездеседі.

Айта кетейік, тамыздың басында Андрей Шевченко Украина құрамасының бас бапкері қызметінен кетті. Содан бері командаға жаңа жаттықтырушы тағайындалған жоқ.

Украина құрамасына 24 ойыншы шақырту алды:

Қақпашылар: Георгий Бущан («Динамо» Киев), Анатолий Трубин («Шахтёр» Донецк), Андрей Лунин («Реал Мадрид», Испания);

Қорғаушылар: Илья Забарный, Виталий Миколенко, Александр Караваев, Александр Тымчик, Александр Сирота (бәрі – «Динамо» Киев), Сергей Кривцов, Николай Матвиенко, Виктор Корниенко (бәрі – «Шахтёр» Донецк), Эдуард Соболь («Брюгге», Бельгия);

Жартылай қорғаушылар: Сергей Сидорчук, Николай Шапаренко, Виталий Буяльский, Виктор Цыганков (бәрі – «Динамо» Киев), Тарас Cтепаненко («Шахтёр» Донецк), Руслан Малиновский («Аталанта», Италия), Александр Зинченко («Манчестер Сити», Англия), Андрей Ярмоленко («Вест Хэм Юнайтед», Англия), Александр Зубков, Игорь Харатин (екеуі де – «Ференцварош», Венгрия);

Шабуылшылар: Роман Яремчук («Бенфика», Португалия), Артём Довбик («Днепр-1»).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или