АПЛ клубтарының ұсынысына қарамастан, Мартинес «Интерде» қалғысы келеді
«Интер» шабуылшысы Лаутаро Мартинес клубпен келісімшарт жаңартқысы келеді. Бұл туралы ойыншының агенті хабарлады.
«Лаутаро <span>«Интерде»</span> қалғысы келеді. Ол қазіргі жобаның өз жемісін береріне сенеді. Сәрсенбіде мен «Интер» басшылығымен кездесіп, келісімшарт бойынша жағдайды талқылаймын. Премьер Лига клубтары Лаутароға қызығушылық танытты, бірақ ол қалуға дайын», - деді агент.
Мартинес «Интер» сапында 2018 жылдан бері ойнайды. 23 жастағы шабуылшының «нерадзурримен» келісімшарты 2023 жылдың маусымына дейін жарамды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или