Қазақстан кубогы: ширек финалға шыққан командалар анықталды

Қазақстан кубогы: ширек финалға шыққан командалар анықталды

Футболдан Қазақстан кубогының 1/4 финалында өнер көрсететін барлық команда анықталды, деп жазады Prosports.kz.

Қарағандылық «Шахтер», петропавловдық «Қызыл-Жар», қостанайлық «Тобыл», «Тараз», «Астана», қызылордалық «Қайсар», ақтаулық «Каспий» және алматылық «Қайрат» топтық кезеңнен өтті.

Сонымен қатар, ширек финалда ойнайтын екі жұп анықталды:

«Астана» - «Каспий»
«Қайрат» - «Қайсар».

Тағы екі жұп 17 тамызда өтетін «Қызыл-Жар»«Шахтер» ойынынан кейін белгілі болады.

Ширек финалдың алғашқы ойындары 21 және 22 тамызда, қарымта кездесулер 22 қыркүйекте өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или