Қазақстан чемпионатының шілде айындағы үздік ойыншысы анықталды
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы (ҚКФЛ) ел чемпионатының шілде айындағы үздік ойыншысын анықтады, деп жазады Prosports.kz.
Үздік ойыншы командалардың бас бапкері мен капитандары арасындағы сауалнама арқылы анықталады.
Дауыс беру нәтижесінде «Шахтер» шабуылшысы Айдос Тәттібаев шілде айының үздігі атанды. Тәжірибелі ойыншы 21 ұпай жинады.
Сауалнама қорытындысы бойынша екінші орынға «Астананың» жартылай қорғаушысы Марин Томасов, үшінші орынға «Қайрат» шабуылшысы Артур Шушеначев жайғасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или