«Челси» АПЛ-дің жаңа маусымында жеңіске жетті

«Челси» АПЛ-дің жаңа маусымында жеңіске жетті

«Челси» 2021/22 маусымдағы Англия премьер -лигасының бірінші турындағы өз алаңында «Кристал Пэласты» ұтты, - деп хабарлайды Рrosports.kz.

Кездесу 3:0 есебімен аяқталды.

27 -минутта Маркос Алонсо қонақтар қақпасына пенальтиден гол соқты. Бірінші таймның соңында Кристиан Пулишич «Челсидің» басымдылығын арттырды. Ал 58 -минутта Тревор Чалоба есепті 3:0-ге жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, «Челси» УЕФА Суперкубогын жеңіп, испандық «Вильярреалды» ұтқан еді, оған дейін ағылшын клубы Чемпиондар лигасын жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или