Әлемдегі ең қымбат футболшының «Реалға» ауысу шарттары айтылды
Француз шабуылшысы Килиан Мбаппенің ПСЖ -дан «Реалға» ауысуы жартылай қорғаушы Мартин Эдегорды сатуға байланысты, - деп хабарлайды Рrosports.kz .
Егер испандық клуб норвегиялықты 50 миллион еуроға сатса, французға 150 миллион ұсына алады. Бұл «Реал» Mбаппеe трансферіне жұмсауға болатын максималды сома. Сондай -ақ, королдік клуб шабуылшылар Лука Йович пен Мариано Диасты да сатуы мүмкін.
L'Equipe ақпарат көзінің хабарлауынша, 22 жастағы Килиан Мбаппе жазғы трансферлік терезе аяқталғанға дейін клубын ауыстыруы мүмкін.
Өткен маусымда Франция 1 -лигасында Килиан Мбаппе 31 ойында 27 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Transfermarkt нұсқасы бойынша ол әлемдегі ең қымбат футболшы. Форвардтың трансферлік құны 160 миллион еуроға бағаланып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или