Конференция лигасы. «Қайрат» пен «Шахтердің» матчтары тікелей эфирде көрсетіледі

Конференция лигасы. «Қайрат» пен «Шахтердің» матчтары тікелей эфирде көрсетіледі

Қазақстандықтар Конференция лигасы плэй-офф кезеңіндегі алматылық «Қайрат» пен қарағандылық «Шахтердің» матчтарын тікелей эфирде көре алады, деп хабарлайды Prosports.kz

<span>Екі ойынды да Qazsport телеарнасы көрсетпек. Матчтар 19 тамызда өтеді. Алдымен «Шахтер» — «Маккаби» (Тель-Авив) кездесуі ұсынылады, бұл ойын елорда уақытымен 19:00-де басталады. </span>

<span>Ал «Фола» — «Қайрат» кездесуі 23:30-да бастау алады. </span>

<span>Қарымта матчтар 26 тамызда өтеді. Командалар бұл қарсыластарын жеңсе, Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алады.</span>

<span>Еске салайық, «Қайрат» Еуропа лигасында армениялық «Алашкертке» жол беріп, Конференция лигасына түскен болатын. Ал «кеншілер» Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінд украиналық «Колосты» пенальти сериясында жеңген. Қазақстандық тағы екі клуб - қостанайлық «Тобыл» мен елордалық «Астана» еурокубокпен қоштасқан еді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или