Левандовски Бундеслигада тағы бір рекорд жаңартты
«Бавария» шабуылшысы Роберт Левандовски Бундеслиганың бірінші турында Мюнхенгладбахтың «Боруссиясына» қарсы ойында гол соқты, деп жазады Prosports.kz.
Осылайша, поляк шабуылшысы жетінші маусым қатарынан Германия чемпионатының алғашқы турында гол соғып отыр. Бұл Германия чемпионатына бұған дейін болмаған жетістік, турнирдегі рекорд.
Айта кетейік, 32 жастағы шабуылшы 2014 жылдан бері «Бавария» сапында өнер көрсетеді. Өткен маусымда ол команда үшін барлық турнирлерде 40 матчқа қатысып, 48 гол соқты және тоғыз нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или