Қазақстандық балуан Токио Олимпиадасының қола жүлдесіне берілетін қаржыны мұқтаж жандарға сыйлайды

Қазақстандық балуан Токио Олимпиадасының қола жүлдесіне берілетін қаржыны мұқтаж жандарға сыйлайды

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, қазақстандық балуан Нұрислам Санаев оған берілетін қаржыны мұқтаж жандарға сыйлауға шешім қабылдады, - деп хабарлайды Рrosports.kz.

Спортшының айтуынша, ол әрқашан Олимпиада чемпионы болуды ғана емес, мұқтаж жандарға көмектесуді де армандаған.

«Қазақстанда спортпен айналысамын деген адамға бар мүмкіндік қарастырылған. Бұл президентiмiздiң спортқа деген оң көзқарасының нәтижесі...

Осы орайлы сәтті пайдалана отырып, барша қазақстандықтарға қолдауларыңыз үшін алғыс айтқым келеді.

Мен ес білгелі қиыншылықты, жоқшылықты көріп өстім. Сол кездегі бала арман мені биік белестерге жетеледі. Ең алғаш спортқа қадам басқанда олимпиадада топ жарып, мұқтаж жандарға көмектесу арманым болатын. Бүгін де сол арманыма қол жеткізіп отырмын. Мемлекет тарапынан маған берілетін қомақты сыйақыны мен мұқтаж отбасылар мен науқас балалардың еміне жұмсамақпын. Елімізде бақытты отбасылардың саны көп болсын!», - деді спортшы.


Айта кетейік, Нұрислам Санаев Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған болатын. Қазақстанда Олимпиададан қола алған спортшыға 75 мың доллар сыйақы беріледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или