«Тобыл» бас бапкері: Барша жанкүйерден кешірім сұраймын

«Тобыл» бас бапкері: Барша жанкүйерден кешірім сұраймын

«Тобылдың» бас бапкері Александр Москаленко командасы Словакияда ойсырай ұтылғаннан кейін сұқбат берді, деп жазады Prosports.kz, қостанайлық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.<br /><br /><span>— Мұндай ойыннан кейін пікір берудің өзі қиын. Біз барлық жағынан ұтылып қалдық. Таблодағы есеп мұның айқын дәлелі. Қолымыздан еш нәрсе келмеді. Осы үшін барлық жанкүйерімізден, қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Неге бұлай ойнағанымызды білмеймін. Мұндайда барлық кінә маған артылады. Жаттығу кезінде қателік жіберген шығармын. Әр ситуацияға ықтиятты қарамадық. Бұл шабуыл шебіне де, қорғанысқа да қатысты. «Жилина» 7-8 ойын бойы ұпай жоғалтпай келеді. Чемпионаттағы қарқыны жақсы. Ересек жігіттерден де артық ойнайтын жастар жиылған. Сіздерге тек сәттілік тілеймін. Конференция лигасындағы жорықтарыңыз жалғаса берсін.</span>

<span></span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или