«Біз жеңіске лайық болдық». Валакари «Астанаға» қарсы қарымта ойын туралы пікір білдірді

«Біз жеңіске лайық болдық». Валакари «Астанаға» қарсы қарымта ойын туралы пікір білдірді

КуПС бас бапкері Симо Валакари Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінің «Астанаға» қарсы қарымта ойыны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

– Тамаша нәтиже.  Біздің команда мұнда өте жақсы командаға қарсы ойнады. Үзіліске дейін біз 2:0 есебімен жеңілдік, бірақ біздің ойыншылар өздерінен жеңіске деген жігер таба алды.  Бізде мықты мінез бар және екі ойыннан кейін біз жеңіске лайық болдық.

– Хет-трик жасаған Рангель ойынға қосалқы құрамнан кірді. Неліктен ол негізгі құрамда жоқ?

- Бізде керемет ойыншылар көп, бірақ тек 11 ойыншыны ғана ойнай аламыз. Мен әрқашан матчта  ойынды өзгертетін ойыншыларымыз бар екенін білдім.

 

–«Астананың» екінші таймда оңай ұтылғанына таң қалдыңыз ба?

– Біз «Астананың» екінші таймда көбірек қорғанатынын білдік және шабуылдаушы ойыншыларды шығардық. Бұл тактика өз жемісін берді.  

 

- Келесі қарсылас «Унион» туралы не айта аласыз?

– Біз плей -оффқа шығуға лайық болдық. Бундеслиганың командаларымен ойнаймыз, бірақ футболда бәрі мүмкін. Біз бұрынғыдай ойнауды жалғастырамыз.

 

- Жаңбыр мен жасанды шөп сізді алаңдатты ма?

– Жоқ, бәрі жақсы болды. Доп тез қозғалды, осындай жағдайларға үйреніп қалдық.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или