Мессидің ПСЖ-дағы жалақысы қанша?

Мессидің ПСЖ-дағы жалақысы қанша?

Аргентиналық футболшы париждік клуб қатарына қосылды, деп жазады Prosports.kz. 

Қос тарап арасындағы келісімшарт 2023 жылға дейін жасалды. Лионель Месси ПСЖ сапында 30 нөмірде өнер көрсетеді. 

Жалақы бонустарды қосқанда бір маусымда шамамен 35 миллион еуроны құрайды.

Месси - Испания чемпионаты, Барселона мен Аргентина тарихындағы үздік сұрмерген. Ол сондай-ақ «Алтын доптың» алты дүркін иегері.

Шабуылшының «Барселонамен» келісімшарты 30 маусымда аяқталды. 5 тамызда каталондықтардың баспасөз қызметі аргентиналықтың келісімшартты ұзартпайтыны туралы ресми мәлімдеме жасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или