«Қарағандылық клуб пенальтиге дайын болды». Украиналық жаттықтырушы ойынға қатысты пікір білдірді

«Қарағандылық клуб пенальтиге дайын болды». Украиналық жаттықтырушы ойынға қатысты пікір білдірді

Украиналық жаттықтырушы Мирон Маркеевич Tribuna.com сайтында Конференция лигасы іріктеуінің 3 -турында «Шахтердің» «Колосты» пенальти сериясынан ұтуына (0: 0, 0: 0, 1: 3) қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

 ҚПЛ-де 11-орында жүрген командадан ұтылу ұят емес пе?

– Мен командалар арасында үлкен айырмашылықты көрмедім. «Колос» ойыншылары тырыспады деп айтуға болмайды. Біз жеңгіміз келді. Бірақ шеберлік деңгейі деген нәрсе бар. Ковалевка клубында да орта деңгейдегі футболшылар бар.

– «Колос» 4 пенальтидің 1 -ін ғана сәтті орындады.  Селезневпен қоштасу клубқа қымбатқа түскен жоқ па?

– Білмеймін, бұл мен үшін сұрақ емес. Бас бапкер бар, оған пенальти сериясының ықтималдығын есептеуге тура келді. Қарағандының «Шахтері» –қақпашы да, ойыншылар да пенальти сериясына дайын болды. Ал біздің команда дайын болмай шықты», - деді Маркевич.

Естеріңізге сала кетейік, Конференциялар Лигасының 3 -іріктеу кезеңінің екінші ойынында қарағандылық «Шахтер» пенальти сериясында «Колосты» ұтты. Игорь Шацкий үш пенальтиді қайтарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или